Бүгін, боксшы Қанат Ислам Шығыс Қазақстан облысындағы Нұрлы көш ауылында болып, қандастармен кездесті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Ауылдағы атқамінер азаматтардың арнайы шақыруымен Нұрлы көш ауылына келген Қанат Ислам, ауылдық орта мектепте жанкүйерлермен жүздесіп, сұрақтарына жауап берді. Қандастар батыр ұлдарына арнап ақ сарбас қой сойды, шапан жауып, ат мінгізді.
Қанат Ислам өзі секілді боксшы болуды армандайтын жастарға ақыл-кеңесін айтып, мектеп оқушыларына өз қолтаңбасы жазылған спорттық құрал-жабдықтарды сыйға тартты.
«Қанат Исламды халық жақсы көреді. Өйткені ол спортшы ғана емес, жүрегі қазақ деп соққан намысы биік, отаншыл азамат. Бүгінгі жас ұрпақ Қанатқа еліктегісі келеді. Ауылдағы қара домалақ балалар осындай ағаларынан үлгі алсын, әңгімесін өз аузынан естісін деген ниетпен арнайы шақырдық. Ұрпақтарымыз Қанат Ислам секілді білегіне жүрегі сай болып өссе, арманымыз жоқ», – деді кездесуді ұйымдастырушы Дәулет Яқияұлы.

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше