Қазақтың дәстүрлі өнерінің айтулы өкілдері ұлт руханиятының алтын діңгегі десек, қателеспейміз. Ұлтты ұлт ретінде танытатын да, жаһандану заманындағы қатерден сақтайтын да халқымыздың рухани құндылықтары мен өрелі өнер туындылары екені анық. Сол дәстүрлі өнеріміздің белді де, беделді өкілі, домбырашы, зерделі фольклортанушы, өнертану ғылымының кандидаты Базаралы Мүптекеев еді. Ол осыдан бір жыл бұрын өмірден озған болатын.
Өнерді өміріне серік еткен абзал азаматтың артында қалған бай мұрасына арналған халықаралық конференция бүгін елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өтті. Дәстүрлі өнердің теориясы мен практикасына негізделген алқалы жиында қазақ өнерінің арғы-бергі тарихы сөз болды. Алғашқы әңгімені Қорқыт ата атындағы ғылыми зерттеу институты директорының орынбасары, белгілі айтыс ақыны Шырынбек Қойлыбаев алып, Базаралының артында қалған мұрасына тоқталып, университеттің ректоры, Әлем және Қазақстанның халық әртісі, Еңбек Ері Айман Мұсаходжаеваның құттықтау хатымен таныстырды. Бұдан кейін осы халықаралық конференцияға арнайы Корея елінен келген ЮНЕСКО-ның Тынық мұхит және Орталық Азиядағы материалдық емес мәдени мұраны сақтау жөніндегі орталығы директоры орынбасары, доктор Сейонг-Йонг Пак мырза Қазақ елінің дәстүрлі өнері туралы өз байламдарын ортаға салып, ЮНЕСКО-ның өкілі ретінде Базаралы Мүптекеевпен 3-4 жыл жұмыс істегендерін алға тартты. Сол кезде қазақ халқының дәстүрлерімен толық танысқанын тілге тиек етіп, халықаралық байланыстар жөніндегі ЮНЕСКО-ның 2003 жылғы конвенциясы туралы жан-жақты баяндап берді. Оған 71 елдің мүше екенін де еске салып өтті. Ол сонымен бірге, Базаралы Мүптекеевтің артында қалған мұрасын жинақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселесін де қозғады.
Өнертану ғылымының докторы, профессор Гүлзада Омарова халықаралық конференцияға арқау болып отырған азаматтың әр жылдардағы мұраларына талдау жасаса, доцент Меруерт Құрманғалиева Базаралының зерттеу еңбектерін зерделеді. Ал магистр Сания Баженеева қазіргі дәстүрлі музыканы Б.Мүптекеевтің өмірімен ұштастырды. Өнер университетінің лаборатория меңгерушісі Саида Елеманова қазақтың дәстүрлі өнері туралы ой қозғады.
Бағлан Бабажанова өнеріміздің бүкіл құндылығы жиналған Қазақ радиосындағы «Алтын қор» туралы ой қозғап, сол ұлан-асыр байлықты электрондық форматқа түсіру ісін бес жылда Базаралы Мүптекеевтің басшылығымен атқарғанына нақты дәлелдер келтірді. Соның ішінде 110 мың материал жаңа техникаға көшірілгеніне ұйытқы болғанын, қорда жоқ 50 күйді де қайта жаңғыртқанын атады. Шәкірті Ардаби Мәулет ұстазының ғылыми зерттеу кезінде күндіз-түні жұмыс істейтінін айтып, ол өнер дегенде, сол өнерді жасаған ұлттың жақсылары туралы іс бастаса, түн ұйқысын төрт бөлетінін, Қазақ елінің аумағындағы ғана дәтүрлі өнерді іздестіріп қоймай, Қытай, Моңғолия, өзге де мемлекеттердегі өнер туындыларын Отанымызға қайтару үшін көптеген экспедицияларға жетекшілік жасағанын да алға тартты.
Екі күнге жоспарланған халықаралық конференция секциялық жұмыстармен жалғастыру көзделген.
Сүлеймен Мәмет, «Егемен Қазақстан»
• 24 Қараша, 2016
Өнертанушы Мүптекеевтің мұрасына арналған жиын өтті

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше