Саясат • 24 Қараша, 2016

Елбасы: Медициналық сақтандыру жүйесін халыққа түсіндіру керек

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

  a5f993bbfa9b11192cb0d617ef769600 Мемлекет басшысының төрағалығымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жұмысының мәселелері жөніндегі кеңесте Елбасы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөнінде жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығына тоқталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. – Мен осы мәселенің шешіміне қатысты ерекше түсіністік танытқандарыңызды қалаймын. Қазіргі кезде қиындықтар бар екеніне қарамастан, бұл – өте прогрессивті бағыт. Халық арасында тиісті дайындық өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар осы жиында Қазақстан Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығы жанынан Халықаралық арбитраждық орталық құру жөніндегі жұмыстарды тездету керектігін айтып, шетелдік инвесторларды тартудың, республика бойынша өндіріс күштерін жүйелі түрде бөлудің айрықша мәні бар екенін атап өтті. Үкімет пен басқа да мүдделі органдар жұмысындағы кемшін тұстарды атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19