Ырғыз – газдандырылған соңғы аудан орталығы. Енді облыстың барлық аудан орталықтарының тұрғындары көгілдір отынның игілігін көретін болды.
«ҚазТрансГаз» АҚ аудан орталығындағы көшеаралық және жеткізуші газ құбырының құрылысын аяқтап, 6 мың тұрғынды көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отыр. Бұл мақсатта автоматтандырылған газ тарату станциясы, блокты газ реттеу пункті, 38 шкафты газ реттеу пункті, 164 шақырым жеткізуші газ құбыры мен ұзындығы 53 шақырымды құрайтын көшеаралық газ құбыры салынды.
Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев биылғы жыл Қазақстан үшін айрықша маңызды екеніне, еліміздің Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерелегелі отырғанына тоқталды. Егемендік алған күннен бастап Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясаты халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын, соның жарқын куәсі Ырғызға газ келгенін жеткізді.
-Қазір облыстың 92 пайыз халқы газбен қамтамасыз етілді. Осының барлығы еліміздің экономикасы дамуының, Мемлекет Басшысының өзінің халқына жасаған қамқорлығының нәтижесі. Осы құрылысқа 6 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Енді жылдың соңына дейін кемінде 250 үй, 30-дан астам мекеме газға қосылады. Одан кейін үйлер дайындығына байланысты бірте-бірте газға қосылатын болады. Енді газ құбырының бойында орналасқан 4 елді мекенді де қамту ойластырылуда, - деді өңір басшысы.
Одан соң «ҚазТрансГаз» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының директоры Аманжол Тәжіғалиев, еңбек ардагері Нұрқасым Сәрсенбайұлы және басқа сөйлеушілер ізгі тілектерін білдіріп, аудан тұрғындары атынан еңбек ардагері Амантай Нұрбаев ақ батасын берді. Жоғарыда аталған азаматтармен бірге Бердібек Сапарбаев газ тарату қондырғысын салтанатты жағдайда іске қосты.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы,
Ырғыз ауданы.

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Бүгін, 22:45
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25