Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойы қарсаңында Түркістандағы бірқатар елді мекендер мен шағын аудан тұрғындары ауыз су және сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Тұрғындар алдында сөз алған шаһар басшысы қалада жасалған жұмыстардың барлығы да Елбасымыз Н.Назарбаевтың еліне деген қамқорлығы мен салиқалы саясатының арқасында екенін айтты.
Бұл күні Түркістанда бес нысанда ауыз су құбырлары және қаланың ұлғаюына байланысты жаңа тұрғын үйлерге сапалы электр қуатын тарату үшін бес аймақта электр желілері іске қосылды. Бұл нысандардың жалпы құны 4 млрд. 904 млн. теңгені құрап отыр. Соның ішінде ауыз суға 3 млрд. 438 млн. және электр желілерін орнатуға 1 млрд. 465 млн. теңге бөлінген.
Мамандардың айтуынша, іске қосылған нысандардың есебінен Түркістан қаласы аумағында тұрғындарды ауыз сумен қамту 90 пайызға жетіп, биыл 15 мыңнан астам абонент таза су тұтынуға қол жеткізіп отыр. Ал 2016 жылы қала аумағындағы 5 мыңнан астам абонент сапалы электр қуатымен қамтылды.
Осылайша жалғасын тапқан Түркістандағы коммуналдық қызмет сапасының арта түскеніне куә болып отырған «Бекзат» мөлтек ауданының тұрғыны Әбдіғали Сандыбай өңірлерде мемлекет басшысының пәрменімен жүргізіліп жатқан жұмыстарға жүрек жарды қуанышын жеткізіп, жаңадан қоныстанған тұрғын үйлерге ауыз су, электр қуаты және жол салынғанын нағыз өркениетті елдің жұмысы деп бағалады.
Айта кетерлігі, Түркістандағы Тәуелсіздікке тарту ретіндегі игілікті шаралар тек мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы күндерде шалғай ауылдардағы өзен көпірлері, көшелерді жарықтандыру секілді коммуналдық қызмет сапасын арттыру бағытында түрлі ел қажетіне жарайтын нысандар саны арта түспек.

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58