Бүгін түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы (ТүркПА) Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисі және Түркі мәдениеті мен мирасы қорымен бірлесе отырып, Бакуде бірқатар түркітілдес елдер тәуелсіздіктерінің 25-жылдық мерейтойына арналған конференция өткізді, деп хабарлады «ҚазАқпарат».
Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан мен Түркияның заң шығарушы органдарының өкілдерімен, аталған елдердің, Бакудегі дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары қатысты
«Бұл тарихи күн, былтыр ғана тойлап өткен Қазақ елі мемлекеттілігінің 550 жылдығының қорытынды жетістігі. Үш ғасырға жуық отаршылдықты басынан кешкен Қазақ елі, ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекет. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы жаңа тарихымызда заманауи мемлекет құрған еліміздің ауқымды тарихи жетістіктерінің жарқын көрінісі. Қазақстан үшін Тәуелсіздіктің 25 жылы - ілгерілеу мен қарқынды дамудың кезеңі болды. Біз жаңа тарихымызда табысты және Орталық Азия өңірінде көшбасшысы мемлекет екендігімізді дәлелдедік. Өз Тәуелсіздігінің 25 жылында еліміздің экономикасы белсенді дамыған, табысқа жетудің бірыңғай, бірегей тәжірибесі бар саяси-әлеуметтік тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты», – деді ҚР Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Исабаев.
Сондай-ақ елші, өз сөзінде тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері мен жеңістері әрбір қазақстандықтың табанды да тынымсыз еңбегінің арқасында мүмкін болғандығына баса тоқталды.
«Ең бастысы Мемлекет басшысы нақтылаған «Қазақстан 2030» Стратегиясының мақсаттары мен міндеттері ойдағыдай жүзеге асырылды. Елбасымыздың саяси ерік-жігері және стратегиялық көрегендігі дамудың қазақстандық үлгісінің табысты болуын айқындап, Қазақстанның орнықты өсіп-өркендеу жолына шығуына мүмкіндік тудырды. Қазір еліміз «Қазақстан 2050» Стратегиясын дәйекті түрде жүзеге асыра отырып, әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуға қарышты қадам басты. Елбасы Н.Назарбаевтың байыпты халықаралық бастамаларымен еліміз үлкен халықаралық беделге ие болып, ғаламдық ядролық қарусыздану қозғалысының танымал көшбасшысына айналды. Өзінің жаңа тарихында бірнеше рет өткерген ғаламдық экономикалық дағдарыстар кезеңінде дер кезінде жүзеге асырылған саяси экономикалық реформалардың арқасында еліміз экономикасын түзеп, тығырықтан шыға білді. Сарабдал сыртқы саяси бағытты қалыптастырып, экономикасы нығая отырып, өзін бүкіл әлемге сенімді, әрі тұрақты серіктес ретінде танытты», – деп атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында, Шанхай ынтымақтастық ұйымында, Ислам ынтымақтастығы ұйымында төрағалық етуі Қазақ елінің дүние жүзі қауымдастығы алдындағы беделін биіктете түскенін айтты.
Іс-шараның ашылуында сөйлеген Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлис төрағасының бірінші орынбасары Зияфәт Әскәров түркітілдес елдерден келген депутаттарға, осы елдердің Бакуде орналасқан елшілеріне және де халықаралық ұйымдардың өкілдеріне жылы лебізін білдірді.
• 24 Қараша, 2016
Әзербайжанда түркі елдері тәуелсіздігіне арналған жиын өтті

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58