25 Қараша, 2016

«Астана» cоңғы минуттарда гол соғып, АПОЭЛ-ді жеңді

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
251116-football Футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңінде елорданың «Астана» командасы Кипрдің АПОЭЛ клубын қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Тартысқа толы кездесуде қонақтар сапынан Георгиос Эфрем 31-минутта командасын алға шығарса, 59-минутта Марин Аничич таразы басын теңестірді. Ал кездесудің аяқталуына санаулы минуттар қалғанда (85-минутта) Джордже Деспотович жеңісті голды соқты. «Астана» осылайша Еуропа лигасының топтық кезеңінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Осы кездесуден кейін ол өз тобында 3-орында тұр. Келесі матчта "Астана" 8 желтоқсанда Швейцарияның «Янг Бойз» командасымен ойнайды.