25 Қараша, 2016

Универсиада алауын кімдер алып жүреді?

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Осы аптада 2017 жылғы қысқы Универсиаданың баспасөз қызметі алау көтерушілерді іріктеудің қорытынды кезеңі басталғанын хабарлады. XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада алауы эстафетасына қатысушыларды іріктеу 16 желтоқсанда аяқталады. Қорытынды кезең алау кө­терушілер байқауының нәтижесі шығарылмай тұрып, бір ай бұрын басталды. Енді кез келген адам жобаға қатысу туралы өтінімдерін іріктеу талаптарына сәйкес жібере алады. Алау көтерушілер мәртебесіне ғылым, мәдениет және спорт саласында табысқа жеткен 17-28 жас аралығындағы студенттер қол жеткізді. Ендігі жерде іріктеудің үшін­ші кезеңінде қалаған адам  www.torchrelay.kz сайтында анкета толтырып, алау көтеруші мәртебесінде алау эстафетасына қатысуға өтінім жібере алады. Осылайша қалған бос орындарды толтыру жоспарлануда. Бұрын көзге түспесе де жетістіктері бар студенттерді дәл осы кезеңде жобаға тар­туға болады деп есептейді ұйымдас­тырушылар. Алау эстафетасы 25 қаң­тарда Астана қаласында бас­талады. Әрбір облыс ор­талы­ғында алауды алғаш тұтату салтанаты өткізілетін болады. Кейін 16 алау көтеруші алауды Алматыға жеткізіп, Универ­сиаданың ашылу салтанатында өз алауын бір жерде біріктіреді. Бар­лығы 1000 алау көтеруші ірік­теліп алынбақ. Облыстық орта­лықтардың әрқайсысынан және Астана қаласынан – 60 адам, ал студенттік ойындар елордасы атынан 100 адам  қа­тысады. АЛМАТЫ