Павлодарда өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында соңғы екі күннің ішінде жартылай финалға шыққандар толық белгілі болды. Еліміздің намысын Олимпиялық ойындарда, әлем және Азия чемпионаттарында қорғап жүрген таңдаулы былғары қолғап шеберлері саптарын бұзбай, «медальдар ауласына» қарай қадам басты.
Кешегі жартылай финалдық айқастарда өзін жақсы қырынан танытқандардың бірі Рио Олимпиадасына қатысушы, әлемнің 2013 жылғы қола жүлдегері, шымкенттік Қайрат Ерәлиев (56 кг) болды. Қарқыны қатты спортшы ширек финалда 18 жастағы алаң иесі Абылай Сайлаубековті талассыз жеңді. Ал келесі кезеңде ол Азия ойындарының чемпионы, жақында осы салмаққа ауысып келген Ілияс Сүлейменовпен финалға шығу жолында шайқасады. Өзінің жаңа салмақтағы бірінші додасын Павлодар рингінде өткізген астаналық боксшы бұл жолы Асылхан Ұзақбаевпен жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады. Себебі, Ілиястың қарша бораған соққысынан шәкіртін сақтап қалғысы келген атыраулық жаттықтырушы екінші раундта ұрысты жалғастырудан бас тартты.
Бұдан әрі 64 килоға дейінгі спортшылар шаршы алаңға шықты. Оны көкшетаулық Сабыржан Бекбергеновті тізе бүктірген алматылық Ділмұрат Межитов жеңіспен бастап берді. Ал павлодарлық 20 жасар Қуан Қуатов қостанайлық Николай Швабты тартысты талас үстінде әдемі ұтты.
75 килоға дейінгі салмақта да тартысты шайқастар аз болған жоқ. Сол қолғап түйістірулерде Ерік Әлжанов, Манат Өмірзақов, Тұрсынбай Құлахметов және Әбілхан Аманқұл медальдар сарапқа салынатын шеңберден табылды. 91 кг салмақта Азия мен Азия ойындарының чемпионы Антон Пинчук екі жылдық үзілістен соң рингке қайта оралған қарағандылық Алмат Серімовтің осал тұсын тапты. Сондай-ақ, бұл салмақта Арбек Әбдуғаниев, Еркін Мұхаметжан және Серік Мұсаділов жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Бүгін – чемпионаттың дем-алыс күні. Ертең жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді. Ал 27 қарашада чемпионат мәреге жетеді.
Фархат ӘМІРЕНОВ
ПАВЛОДАР
Суретті түсірген
Данияр МАЙЛЫБАЕВ

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше