25 Қараша, 2016

Қызу қолдаймыз, қуана құттықтаймыз!

324 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
kongress-politologovПарламент палаталарының бірлескен отырысында жария етілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясы депутаттар тарапынан бірауыздан қабылданған болатын. Декларацияда еліміздің экономикада, әлеуметтік салада, әлемдік аренада қол жеткізген табыстары дәйектілікпен жан-жақты көрініс тапқан. Ал әр табыстың артында Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы тұр. Мемлекет басшысының көреген саясатының арқасында біз әр адамның үйлесімді дамуына барлық мүмкіндік жасалған тәуелсіз әрі бейбіт мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Егемен Қазақстанның бағындырған биік белестері бүгінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының атымен байланыстырылатыны заңдылық. Біз барлық қазақстандықтарды Декларацияның қабылдануымен және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймыз.   assotsiatsii_sotsiologov_kazakhstana«Политологтар конгресі» РҚБ Еліміздің барлық азаматтарын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тарихи Декларациясының қабылдануымен құттықтаймыз! Тәуелсіздігінің 25 жылында Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен адам айтқысыз биіктерді бағындырды, ел Орталық Азия өңірінің көшбасшысы атанды. Бүгінде Қазақстан – әлемдік қоғамдастықтың толыққанды құрметті мүшесі, қуатты экономикасы, жұдырықтай жұмылған халқы және болашаққа бағдарланған үлкен жоспарлары бар ел. «Қазақстан социологтары Ассоциациясы» ҚБ   zhasotan«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты барша Қазақстан халқын Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясының қабылдануымен құттықтайды. Біз, жас ұрпақ өкілдері – Тәуелсіздіктің ұрпақтары, Президент партиясының жетекші жастары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүзеге асырып келе жатқан орайлы істерді әркез қолдаймыз. Бізді Отанымыздың болашағына деген жауапкершілік, елімізді қазіргіден де күштірек ете түссек деген ниет біріктіреді. 2050 жылғы Қазақстанды құрудың тарихи мүмкіндігі дәл біздің үлесімізге тиіп отыр. Біз қол жеткізген табыстарымызбен мақтанамыз және болашаққа сеніммен қараймыз! «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты   zhasyl-el«Жасыл Ел» жасақтары депутаттардың барша үшін тарихи құжат – Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын қабылдау туралы бастамасын үлкен рухани өрлеу үстінде қарсы алды. Жастардың «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының республикалық штабы (ЖЕЖРШ) Мемлекет басшы­сының тапсырмасы бойынша құрылған. Біз, «Жасыл Ел» жасақтары жыл сайын елімізді абаттандыру мен көгалдандыру ісіне өзіміздің үлесімізді қосып келеміз. Өміріміздің түрлі саласындағы барлық табысымызды біз Қазақстан Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатымен байланыстырамыз. Барлық жастар ұйымдарын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясы қабылдануымен құттықтаймыз! «Жасыл Ел» ЖЕЖРШ   volontery_kz«Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ барша қазақ­стан­дықтарды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Дек­ларациясының қабылдануымен құттықтайды. Декларацияның шешуші идеялары, әсіресе, Қазақстан жастары үшін көкейкесті болып табылады. Бұл – Тәуелсіздік жылдарында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көшбас­шы­лығымен қол жеткізілген барлық басты табыстарымызды көрсететін маңызды құжат. Қазақстан жастарын өз әлеуеттерін арттырып, Тәуелсіздік табыстарын жан-жақты нығайта беруге шақырамыз. «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ   alyansҚазақстан Азаматтық альянсы барлық қазақ­стан­дықтарды Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығы Декларациясының қабылдануымен құттық­тайды. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Елбасының көш­бас­шылығымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына сенімді қосылуды қамтамасыз ететін кең ауқымды жо­балар жүзеге асырылды. Декларацияда болашақ ұрпақ – Елбасының ұлы істерін жалғастырушылар үшін мемлекет дамуының тарихи дәуірлері көрініс тапқан. Біз, азаматтық сектор өкілдері Қазақстанның біртұтас халқын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймыз! «Қазақстан Азаматтық альянсы» ЗТБ   «Астана Бәйтерек» Әйелдер клубы» ҚБ Қазақстанның барлық халқын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясының қабылдануымен құттықтайды! Парламент қабылдаған дәуірлік құжат дана Көшбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміздің негіз қалаушы табыстарын толықтай ашып көрсетеді. Қазақстан халқы Елбасымен бірге Тәуелсіздік табыстарын, халықтың ұлы тарихи тағдырын нығайтуға бағытталған біртұтас мақсат пен болашаққа қадам бас­ты. Біз Көшбасшымызды, Тәуелсіз Қазақстанымызды және ұлы болашағымызды мақтан тұтамыз! «Астана Бәйтерек» Әйелдер клубы» ҚБ