Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және қайсар рухының арқасында ата-бабамыздың ғасырларға созылған арманы – Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Демек, Тәуелсіздікті қалай ұлықтасақ та, оған қатысты қандай құжат қабылдасақ та еш артықшылығы жоқ. Осы бір қасиетті сөзді күніне неше қайтара айтсақ та, оның құны бір мысқал да төмендемек емес. Тәуелсіздік деген сөзге біздің мейіріміміз ешқашан қанбайды да.
Парламенттің Тәуелсіздік Декларациясын қабылдағанын халқымыздың арманын, ойын дөп басып таба алғаны деп бағалаймын. Осылайша жаңа тұрпатты Қазақстанның, әлемге танылып, өз орнын белгілеген алып әрі асқақ еліміздің қадір-қасиетін келешек ұрпақтың санасына сіңіріп, отаншыл рухын ұштай түсетін боламыз. Бұл құжат бүгін де, ертең де өз маңызын, қажеттілігін жоймайды. Барша қазақстандықтар үшін белгіленген Тәуелсіздік күнінің бейбітшіліктің, татулықтың, бірліктің мерекесіне айналып кеткенінің өзі бұл атаудың қаншалықты маңызды екенін байқатады.
Қазақстанның жаңа дәуірінің шымылдығын ашқан Тәуелсіздік Президентіміздің есімімен де, еңбегімен де тығыз байланысты. Сөз жоқ, тәубе етер тәуелсіз еліміздің көшін алға сүйреуде Елбасының еңбегі ұшан-теңіз.
Тәуелсіздікті алға сүйрейтін күштер бар, ең алдымен, ол – халқымыз. Тәуелсіздік халықтың ақылымен, қуатымен нығайды. Халықтың ауызбіршілігі мен ынтымағының арқасында көркейді. Ал осы тәуелсіздікті бекемдеген – Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі мен кемел мінезі. Осындай тарихи жауапты сәтте табандылықпен еңбегін сіңіріп, Елбасының міндеттеген жоспарлары мен мемлекеттік маңызды бағдарламаларды, жобаларды жүзеге асыруға жәрдемші болған – Президент сенім артып, ел жүгін көтеруге тағайындаған азаматтар. Осы үш күштің бірлігі, үштаған одақтың ымыраластығы – халықтың, Президенттің және биліктің бірін бірі қолдауы Тәуелсіздік әлеуетін арттыра түспек.
Хангелді ӘБЖАНОВ,
тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры
АЛМАТЫ

АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше