25 Қараша, 2016

Қосымша техникалық білім беру қызметі аз - Тасмағамбетов

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана қаласында өтіп жатқан VII Азаматтық форумда Премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов бүгінгі таңда елімізде техникалық мамандықтар бойынша қосымша білім беру қызметіның саны мүлдем аз екендігін мәлімдеді.  «Қазіргі уақытта әлемде бірінші орынға қосымша қабілет пен дағдыларды қоятын түбегейлі трансформация жүріп жатқаны белгілі. Осыған орай, бұл салаға деген сұраныс жоғары. Алайда, робототехника, компьютерлік бағдарламалау және графика сияқты техникалық мамандықтар бойынша қосымша білім беру қызметі мүлдем аз болып отыр», – деді Иманғали Нұрғалиұлы. Сонымен қатар, ол өңірлерде ниет білдіргендер жаңа білім ала алатын ашық танымдық ресурстар жоқтығын атап өтіп, осы бағыттағы жобаларды әзірлеу өте тиімді болатынын білдірді. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, "Егемен Қазақстан".