27 Қараша, 2016

Олжас Боқаев – аса ауыр салмақта ел чемпионы

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Павлодарда өткен бокстан ел чемпионатында аса ауыр салмақта павлодарлық Олжас Боқаев Қазақстан чемпионы атанды. Ел біріншілігінің +91 кг салмақ дәрежесіндегі финалдық кездесуінде ол қызылордалық Қамшыбек Қоңқабевпен айқасты. Кездесу соңында Павлодар боксшысы 3:0 есебімен (29:26, 29:26, 30:27) жеңіске жетті.