«Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты» демей ме, неміс ойшылы А.Шопенгауэр. Денсаулығы нашар адамға табыс та, байлық та, марапат та, мансап та қажет болмай қалады. Өйткені ол мазасыз тірлік кешіп, ең басты байлығынан айырылған жан.
Шынында, табиғаттың ең қымбат жемісі – дені сау адам. Еліміздің денсаулық сақтау саласында талай тәжірибелі, дарынды, жаңашыл, білімді кәсіби мамандар қызмет етіп жүр. Олардың арасында әкелі-балалы дәрігерлер де бар. Солардың бірі Әділжан Әлбазаров. Оның алғашқы ұстазы, кеңесшісі, бағыт берушісі, тәжірибесімен бөлісуші өз әкесі торакальдық хирург Бауыржан Әлбазаров.
Хирургия саласының ішіндегі сан тармақты бағыттарды зерттей келе ол торакальді (латын сөзінен аударғанда «кеуде клеткасы» мағынасын береді) хирургиямен айналысуды қалады. Бұл бағыт еліміздің медицинасындағы енді-енді күш алып дами бастаған бағыттардың бірі.
Әділжан 2000 жылы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік Медицина университетін тәмамдаған кезде бұл салада мамандардың жеткізіліксіз болғаны да рас. Астанадағы «Ұлттық Ғылыми медициналық орталықтың» кардиолог дәрігері Әділжан Әлбазаров әртүрлі жүрек ақауларына қан жолы тетігін орнату, әрқилы формадағы жүрек кеселдерін хирургиялық емдеу, қолқа қақпақшасы мен негіздерін қайта жасауда бірнеше операцияларды сәтті жасаған маман. Бұл жетістікке ол талай ізденістермен жетіп отыр. АҚШ-тың Мериланд Университетінде білім жетілдіріп келген соң, әлі де медицина ғылымы саласында алмақ асулары бар екенін түсінді. Сөйтіп, ол 2003-2007 жылдары Мәскеудің А.Н.Бакулев атындағы жүрек-қан тамырлар ғылыми Хирургия орталығында аспирантурада оқып, медицина ғылымының докторы, профессор М.М.Алшибаяда кандидаттық еңбегін қорғап шықты.
Бұл жауапкершілікті талап ететін, адам бойындағы ең күрделі де, маңызды жүректің дәрігері болуға да өзіңе сенімділік қажет. «Табыстың бәрі байлыққа әкелмейді. Байлықты басыңдағы жинаған білімің деп түсінемін. Оны ешкім тартып та, ұрлай да алмайды», - деді дәрігер.
Әділжанның әріптес оннан аса шәкірттерінің бірқатары аймақтарда кардиоорталықтардың жетекшілері. «Мен үшін қызметіңе адалдық, еңбекке қабілеттілік, жауапкершілік өте маңызды», - дейді дәрігер. Әділжан бала кезінде космонавт болып, шексіз ғаламға саяхаттауды армандады. Өсе келе әкесі секілді дәрігер боп, айналасындағы адамдарға көмектесуді маңызды деп түсінді. Бос уақытын дүниежүзі тарихын оқып, тану қызығушылығына арнайды. Ал арманына келсек, ол да ізгілікке негізделіпті. Болашақта жүрек кеселдерін емдеуге жәрдемдесетін қор ашып, қайырымдылық іс-шараларымен айналысу...
Күрделі де өзектілігі әрдайым жоғары салада өзіне деген сеніммен қызмет етіп жүрген Әділжан әлі талай жүректерді емдемек.
Мақала «100 табыс тарихы» ұлттық жоба аясында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің тапсырысы бойынша «Әлем» Волонтерлықорталығымен дайындалған.
Аян ӘБДУӘЛИ

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11