450 шақырымға ұшқан зымыран Жапония жағалауына барып құлаған. Бұл өз кезегінде Жапония үкіметінің наразылығын тудырды
Сарапшылардың пікірінше, осы сынақ арқылы Пхеньян зымыран тасығыш кемелерге қарсы шабуыл жасай алатындықтарын көрсетті.
Солтүстік Корея осылайша БҰҰ ядролық және зымыран сынақтарын өткізуге тыйым салу туралы резолюциясын бұзғанымен қоймай, керісінше соңғы айларда сынақтардың санын арттырып отыр.
АҚШ тынық мұхиты әскери күшінің мәліметінше, зымыран елдің Вонсан деген аймағынан жіберілгеннен Жапония жағалауына түскенге дейін әуеде 6 минут ұшқан.
Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Йошихиде Суганың айтуынша, зымыран елдің Садо және Оки аралдарының ортасына, елдің маңызды экономиканың аймағына түскен.
Ал Оңтүстік Корея Әскери күшінің өкілдері зымыранның 120 метр биіктікпен ұшқанын айта келіп, нақты қанша зымыранның жіберілгенінің анықталып жатқанын мәлімдеді. Бұл өз кезегінде бірнеше зымыранның ұшырылған болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Зымыран ұшырылғаннан бір күн өткеннен кейін ғана Солтүстік Кореяның мемлекеттік басылымдары сынақтың өткенін жариялады.
Солтүстік Кореяның «Скад» атты бұл зымыраны жақын радиусты соққы беруде әлемдегі ең үздік қарулардың бірі. Кеңес үкіметінің жасаған қаруының жетілдірілген түрі 1000 шақырым қашықтыққа дейін алады.
Соңғы аптада осыған дейін жіберілген екі зымыран орта радиусты соққы беру зымыраны еді. Солтүстік Корея екі зымыран сынағының да сәтті жүзеге асырылғанын мәлімдеді.
Сарапшылардың пікірінше, Солтүстік Корея енді Солтүстік Америка құрлығына дейін жететін зымыранды дайындап жатқан көрінеді.