Президент • 31 Мамыр, 2017

Мемлекет басшысы «Жасыл квартал» тұрғын үй кешенін аралап көрді

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Астананың сол жағалауында орналасқан «Жасыл квартал» тұрғын үй кешеніне барып, қалада жайлы өмір сүруге мүмкіндік туғызатын экологиялық шешімдермен танысты. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Мемлекет басшысы «Жасыл квартал» тұрғын үй кешенін аралап көрді

Нұрсұлтан Назарбаевқа «Қазақтелеком» және «Қазпошта» акционерлік қоғамдары көрсететін жаңа қызмет түрлерінің жұмысы таныстырылды. Атап айтқанда, олардың қатарында гибридті банкоматтар, электрондық кассир, почтамат және сәлемдеме жөнелтілімдері супермаркетінен тұратын цифрлы офис қызметі, сондай-ақ дрондар, post.kz мүмкіндіктері бар. 

«Жасыл квартал» кешені экологиялық құрылыс талаптарына сай салынған. Бұл – LEED жүйесі бойынша халықаралық сертификаттауға сай жүзеге асырылған Қазақстандағы алғашқы жоба.