Рамазан айы қарсаңында осы қайырымдылық акциясының қорытындылары шығарылды. Осыған орай Ақтөбе облысы бойынша өкіл-имам өңірдегі орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспан «Egemen.kz» тілшісіне төмендегідей деректерді алға тартты. Қайырымдылық істері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ауқымына дейін көтерілді. Иманды іс барысында тасқын судың құрсауында қалғандарға жамағат тарапынан сегіз тонна азық-түлік және 10 тонна киім-кешек тапсырылды. Жалпы саны 769 отбасына көмек көрсетілді. Ал шотқа жиналған қаражатқа бір отбасына «Нұр Ақтөбе» жаңа құрылыс ауданынан екі бөлмелі пәтер берілді. Оның іші тұрмысқа қажетті жиһаздармен толықтай жабдықталған. Пәтер кілтін тұрмысы төмен, өз күшімен үй салып алуға шамасы жетпейтін отбасына Ақтөбеге келген сапарында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының өзі тапсырды.
Темір Құсайын,
«Егемен Қазақстан»