Үкімет • 01 Маусым, 2017

Келелі мәселелер қозғалған кеңес

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағын­таевтың төрағалығымен «Doing Business» мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі. 

Келелі мәселелер қозғалған кеңес

Бейінді ведомстволардың бас­шы­лары «Халықаралық сауда», «Құрылысқа рұқсат алу», «Электр­мен жабдықтау жүйесіне қосу», «Салық салу», «Төлем қабілет­сіздігіне рұқсат», «Несиелер алу», «Кәсіпорындар ашу», «Меншікті тіркеу» индикаторлары бойынша «Doing Business» рейтингінде Қазақстан позициясын жақсарту үшін қабылданған реформаларды іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Айта кету керек, «Doing Business-2017» рейтингінде Қазақ­стан 41-орыннан 35-орынға көте­рілді. 2017 жылғы 27 ақпанда «Doing Business» рейтингінде Қазақстан позициясын жақсарту бойынша түзетулердің бесінші пакеті қабылданды. 
* * *
Сондай-ақ, Б.Са­ғын­таевтың төра­ғалы­ғымен жетекші отан­дық ІТ-компаниялардың өкілдерінің қаты­суымен «Цифрлы Қазақстан» мем­лекеттік бағдарламасы жо-
басының мәсе­лелері жөнінде кеңес өтті. 
Кеңес барысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев, Ұлттық экономика минис­трі Т. Сүлейменов, «ARTA Soft­ware» ЖШС өкілі Б.Башеев, «Инно­ва­­ция­лық технологиялар паркі» АЭА инновациялық компаниялар қау­ым­дастығының президенті А. Қоныс­баев, «Элтекс Алатау» ЖШС директоры Н.Жәнібеков, Қазақстандық ин­тернет бизнес қауымдастығының пре­зиденті К.Горожанкин, «Open IT» ком­паниясының басшысы В. Ким, «Бірінші несиелік бюро» бас ди­ректоры Р. Омаров, «Flip.kz» ин­тер­нет-дүкенінің негізін қалаушы А.Соколов, ІТ-менеджерлер қо­ғам­дастығының басқарма төрағасы А.Би­шигаев және т. б. сөз сөйледі.