Қазақстан • 01 Маусым, 2017

Ұлы дала жауһарлары

720 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапxанасының музейінде ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге арналған «Болашақтың энергиясын қарсы аламыз!» атты қор көрмелерінің ашылуы өтті.

Ұлы дала жауһарлары

Бұл көрменің ерекшелігі – үш қабаттан, үш бөлімнен тұрады. Алғашқы қабаттағы бөлігі «Ұлы дала жауһарлары» деп аталды. Мұнда киіз үйдің ішкі көрінісі, ат әбзелдері, қазақтың зергерлік әше­кейлері, тұрмыс заттары, киіз­ден, теріден жасалған кәде­сыйлар, ұлт­тық киімдер, суретші Жеңіс Кәкенұлының бірнеше картинасы қонақтар назарына ұсынылды.  
– Тәуелсіз,  Қазақстанның өз тарихы, мәдениеті, өнері бар. Бұл көрмеге сонау сақ, ғұн, түркі қағанаты, оғыз  заманынан бергі қа­зақ даласындағы қаншама зер­герлердің қолынан шыққан бұй­ым­дар­дың қойылуы қазақ мәдениеті та­мырының тереңде жатқанын көрсетеді.  XIX ғасырда Көкшетау жерінде асыл заттардың бәрі жер бетінде жатқан екен. Осының құнын білген ағылшындар келіп теріп әкеткен. Кезінде сал-серілеріміздің үсті алтын-күміске малынуы жеріміздің бай екенінің бір белгісі, – деді ғалым Серік Негимов. 
Екінші қабаттағы бөлімге «Күмістің сұлу сыңғыры» деген атау берілген. Күмістің бак­те­рия­ларға қарсы тұратын, емдік қа­сиеті адамзатқа осыдан алты мың жыл бұрын белгілі болған. Сондықтан ерте кезде хандар негізінен күміс ыдыстан ас ішуді жөн көрген. 
Атауына сай мұндағы заттар­дың бәрі күмістен әзір­лен­ген. Көрменің бұл бөлігінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа түрлі ел­дердің делегациялары тарту еткен сыйлықтар қойылған. Мұн­да күмістен жасалған ыдыс-аяқ­тар­дың түр-түрін көруге болады. Ғи­мараттың екінші қабатында сон­дай-ақ, жеміс салғыш ваза, сән­дік үшін қабырғаға іліп қоятын «Панно» табақшалары, құмғандар, күмісті қарайту әдісі­мен дайындалған өзге де бағалы зат­тар жұрт назарынан тыс қал­мады.
Көрменің үшінші қабатында түрлі елдер мен дәуірдің музы­ка­лық аспаптар топтамасы таныстырылды. Осыған сәйкес көрменің бұл бөлігіне «Әлем xалықтарының музыкалық аспаптары» деген атау берілді. Мұнда Орталық Азия xалықтарының шекті ысқыш аспабы «гиджак», екі шекті «дутар», қыр­­ғыз xалқының үш шекті «қомызы», ұйғырдың «сатар», корейдің «чангу», индонезиялық «бонанг», қытайдың «гонг», гру­зин­нің төрт шекті «чонгури», тү­рік­тің «саз», сол сияқты плас­ти­н­каларды ойнатуға арналған «патефон» секілді аспаптар кө­рер­мен назарына ұсынылды. 
Айта кетейік, бірер ай бұрын дәл осы ғимараттың төртінші қа­батында, яғни күмбезді залда Ұлт­тық Олимпиада комитетінің бас­шы­­лары мен мұрағатының жеке қор­­лары негізінде Қазақстанның спорт­тағы жетістіктерін көр­се­т­е­тін «Олимпиадалық қозғалыс» көр­месі ашылған болатын.  
«Болашақтың энергиясын қар­сы аламыз!» қор көрмелерінің топ­тамасы 2017 жылдың 31 тамызы­на дейін жалғасады.

Аян Әбдуәли,
«Егемен Қазақстан»