Бизнес • 01 Маусым, 2017

Ешкі сүтінен ерекше балмұздақ

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ешкі сүтінің дәруменге бай, адам ағ­за­сына өте пай­далы екені белгілі. Осыны ес­кер­ген атыраулық кәсіпкер Владимир Розм­етов балмұздақ шығаруды қолға алды.

Ешкі сүтінен ерекше балмұздақ

Ол бас­қаратын «Атырауагроөнімдері» шаруа қо­жалығына қарасты асыл тұқымды ешкі зау­ытындағы «Заанен» ешкілерінің саны қазір бір мыңнан асады. Өндіріс процестері қазіргі заманғы технологияларға негізделген «Сарайшық» зауытында ешкі сүтінен 15 түрлі өнім өндіріледі. Айран, сүзбе, ірімшік, құрт, май, йогурт секілді жеңсік астардың қатарына енді балмұздақ та қосылды. «Емдік қасиеті жағынан ана сүтін алмастыра алатын ешкі сүтінен балаларға балмұздақ жасау туралы ой келді. Ол үшін қажет жабдықтарды Германиядан алдық. Облыстағы сауда орындарында «Сарайшықтың» өнімдеріне сұраныс жоғары», дейді кәсіпкер. 

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»
АТЫРАУ