Қазақстан • 01 Маусым, 2017

Қазақстан бәсекеге қабілеттілік бойынша әлемде 32-орында

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отыздыққа кірудің ауылы емес секілді. Дегенмен, ең дамыған отыз елдің тізімі мен бәсекеге қабілеттілік рейтингі екі бөлек жасалатынын ескеру керек. 

Қазақстан бәсекеге қабілеттілік бойынша әлемде 32-орында

Швецарияның IMD бизнес мектебінің жасаған рейтингінде Қазақстан былтырғы 47-ші орыннан биыл 32-ші орынға бір-ақ көтерілді.

Тізімді жасау барысында 4 категория бойынша 20 параметр есепке алынады. Қазақстан осы көрсеткіштердің барлығында алға жылжыған. Атап айтар болсақ, төрт категория қатарында экономика көрсеткіші, үкіметтің тиімділігі, бизнес пен инфрақұрылымның тиімділігі бар. 

Ал жекелеген параметрлер 323 көрсеткіш бойынша есептеледі. Соның ішінде әлемдік ІЖӨ-ге үлесі, жанармай бағасы, капитал құнымен салыстырғанда салық деңгейі, мемлекеттік саясат ашықтығы мен шетелдік идеяларға ұлттық мәдениеттің ашықтығы.

Айта кетейік, рейтгте Ресей 46-шы орыннан көрінсе, Украина 60-шы орынға сырғыды.

Қазақстанның ілгері жылжуына әсер еткен бірден бір фактор “мемлекеттік қаржы” саласындағы оң өзгерістер. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 51-ші орыннан 4-ші орынға бір-ақ көтерілді. “Ішкі экономика” көрсеткішінен 40-шы орында.

Ал тізімнің көш басында екінші жыл қатарынан Гонконг орналасқан. Одан кейін Швейцария мен Сингапур. Төртінші орында АҚШ. Бесінші орын Нидерландыға тиесілі.

Бауыржан Мұқанов,

"Егемен Қазақстан"