ЭКСПО-2017 • 02 Маусым, 2017

«ЭКСПО» әнін шымкенттіктер орындайды

222 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің салтанатты түрде ашылуына санаулы күндер ғана қалды. Әркім экономикалық қиындықтарды айтып, әр қиырға тартқанымен, бұл көрме Қазақстан халқы, оның ішінде қазақ жұрты үшін мерейлі мереке, әлемдік бедел десек болады.

«ЭКСПО» әнін шымкенттіктер орындайды

Осыған орай шымкенттік талантты әнші Мақсат Айтжанов «ЭКСПО» әнін жазған екен. Қазақтың жезтаңдай әншілерінің бірі Роза Рымбаева айрықша қа­дірлейтін, өнерін бағалап, туған інісіндей жақын тартатын Мақсат Айтжанов «бұл ән жү­рек қалауымен жазылды», дей­ді. «Еліміздің кешегі тарихын жақ­сы білеміз. ХІХ ғасырдың со­ңында 8 миллионға жеткен қа­зақ әртүрлі зұлматтың, қолдан ұй­ым­дастырылған аштық, репрессия сал­дарынан жусап қалды. Ха­­лық­тың жартысы қырғын тауып, 1 миллионға жуығы бас сау­­ғалап шет елге өтті. Осылай ру­хы жаншылған елдің еңсесін кө­т­еру үшін еңселі істер керек. Мемлекетіміздің беделімен алын­ған ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месі – еліміздің, елім деген Ел­басымыздың жеңісі. Осының бә­рі жігерлендіріп, осынау әнді тудырды». Бұл ән облыста өткен мә­де­ни­ет қызметкерлерінің күнінде 2017 адамдық хордың айтуымен орын­далды. 
Енді осы ән ЭКСПО-2017 көр­­месінде Оңтүстік Қазақстан об­­лысының күндері өткенде орын­­далмақ. Оған облыс­тан 610 адам­нан құралған 17 шығар­ма­шы­лық топ қатысады.
«Мәдени шара барысында «Қазыналы Оңтүстік» қолөнер ше­берлері мен суретшілердің көр­месі, концерттік бағ­дар­ла­ма­лар, оңтүстікте түсірілген ани­мациялық фильмдер мен көр­кем фильмдер көрсетіледі. Сон­дай-ақ, Ж.Шанин атындағы об­лыс­тық академиялық қазақ драма жә­не орыс драма, қуыршақ, әзіл-сықақ және сатира театр­ла­ры мен Оңтүстік-Цирктің қой­ы­лымдары төрт тараптан келген жұртшылықтың назарына ұсы­ны­лады.

Бақтияр Тайжан,
«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы