Қазақстан • 02 Маусым, 2017

Астанада күндіз жүк көліктерінің қай жерлермен қатынауға болатыны белгілі болды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жүк көліктерінің қалада күндіз қатынауларына тыйым салынуына Елорда өнеркәсіптік аумағының қатысы жоқ, деп мәлімдеді Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада күндіз жүк көліктерінің қай жерлермен қатынауға болатыны белгілі болды

7-маусымнан бастап 12-қыркүйек аралығына дейін таңертеңгі сағат 6:00-дан түнгі 23:00-ге дейін 3,5 тоннадан астам салмақтағы жүк көліктерінің қатынасына тыйым салынады. Б.Игенбердиновтың айтуы бойынша, жоба Елордағы жол-көлік желісін жеңілдету мақсатында қолға алынып отыр.

«Біз елордалық кәсіпкерлерге ірі монтаждағы машиналарға жүк тиеу жұмыстары логистикалық принцип бойынша:  күндіз учаскеде жүк тиеледі, ал оны түсіріп, шығару түнде жүргізілетінін айтып түсіндірдік. Олар бұл жаңашылдыққа түсіністікпен қарады, - дейді Б.Игенбердинов.

  Сонымен қатар, өнеркәсіптік аумақта жүк көліктерінің қатынауына тыйым салынбайды. Ал транзиттік көлік машиналарына шектеу жоқ, олар үшін айналма тас жолы бойымен қатынау қарастырылған.

  Сондай-ақ, апатты, құтқару, тазалау қызметінің көліктері мен бетон және асфальт төсейтін технологиялық циклді қамтамасыз ететін машиналарға да қозғалыс шектелмейді.