Қазақстан • 05 Маусым, 2017

Электораттық оқыту: жол басы

340 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Сайлау процесіне қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру тетіктері жетілдіруді талап етеді

Электораттық оқыту: жол басы

Мемлекет басшысы бастамашылық жасаған әлеуметтік жаңғырту процесі, халықтың тіршілік әреке­тін ұйым­дастырудың заманауи қағидат­тарына көшу жүріп жатқан институттық рефор­маларға әр азаматтың жеке араласуын талап етеді. Бұл қайта құрулардың барысы көбіне сайлаушылардың өздерінің сайлау құқықтарын заңды түрде сауатты жүзеге асыруына, сайлау науқандары кезінде жеке ұстанымын саналы түрдегі таңдауына байланысты.
Бұл өзгерістер сайлау учаскелеріне келетін сай­лау­ға тікелей қатысушыларға да, сонымен қатар, сайлау комиссияларының мүшелеріне де ерек­ше көңіл бөлуді талап етеді. Сайлау процесін ұйым­дас­тыру­шылар сайлау құқығы мен оны қолдану тәжіри­бесі жөнінде кәсіби білім алуы тиіс. Бүгінгі күні сайлау процесін ұйымдастырушылардың да, сондай-ақ, сайлаушылардың да құқықтық мәдениетін арттыру бойынша жүйелі тетіктерді жетілдіру қажет екенін айта кету қажет. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы өзінің назарын аталған бағытта шоғырландырып, ағымдағы электоратаралық кезеңдегі өз қызметінің екі аспектісін айқындады.
Біріншіден, сайлау процесін ұйымдастыру­шыларды электораттық оқыту білім берудің барлық деңгейлерінде, орта мектептің жоғары сынып оқушыларынан бастап кәсіби-техникалық деңгейден өтіп, жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтитын үздіксіз үдеріс болуы тиіс.
Ортсайлауком мен Білім және ғылым министр­лігі бірлесе отырып, мектептердің 9-11 сынып оқушылары, колледждердің 1-2 курс және жоғары оқу орындарының 1-2 курс студенттері үшін электораттық оқытудың қосымша нысандарын әзір­леу және оқу процесіне енгізудің жаңа тәсілдерін ойластырды. Бұл жас сайлаушыларды сайлау процесіне саналы тарту мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мектептердің, колледждердің және жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процесіне жастарды электораттық-құқықтық ағартудың түрлі нысандарын (пікірсайыстар, диспуттар, конкурстар, олимпиадалар, оқушылардың өзін-өзі басқаруы) енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Екіншіден, сайлау процесін ұйымдастыру­шыларды оқыту аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының кадрларымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, кандидаттарды, сенім білдірілген адамдарды, байқаушыларды, БАҚ-ты тікелей қамтуы тиіс. Қызметтің бұл бағыттары жан-жақты талқыланып, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен өңірлердің әкімдері тарапынан қолдау тапты.
2017 жылдың басында Ортсайлауком электораттық оқытумен мемлекеттік қызметшілердің облыстар әкімдерінің орынбасарлары, қалалар, аудандар әкімдері мен олардың орынбасарлары, аппарат басшылары, ішкі және жастар саясаты басқармаларының басшылары, барлық деңгейдегі мәслихаттардың хатшылары сияқты электораттық процесті ұйымдастырушылар тобын электораттық оқытумен қамтудың қанатқақты жобасын құрып, іске асыруды бастады. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп, оқу бағдарламаларына сайлау тақырыбын енгізу және Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен аппарат қызметкерлерін мемлекеттік қызметшілерді оқытуға тарту аспектілері қарастырылды.
Электораттық оқытудың қанатқақты алаңдары ретінде біз Мемлекеттік басқару академиясының құрамына кіретін құрылым­дарды (Мемлекеттік қызметкерлерге қосымша білім беру институты, Орталық Азия өңірінде этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынасты зерделеу орталығы), облыстар әкімдерінің жанындағы мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өңірлік орталықтарын, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының саяси менеджменті мектебін тарттық.
Оқыту Мемлекеттік басқару академиясының және оның өңірлік орталықтарының негізінде біліктілікті арттыру семинарларын мерзімді түрде өткізу нысанында жүргізіледі. Ағымдағы жылдың екі тоқсанында жоба шеңберінде 701 адамды қамтыған 12 лекция мен семинар өткізілді. Тыңдаушылардың оқуға қызығушылығын көрсететін бірінші жағымды пікірлер де алынды. Қанатқақты жобаны іске асыру қорытындылары бойынша күтілетін нәтиже: жыл соңына дейін сайлау процесін ұйымдастыруға қатысушы 1200 мемлекеттік қызметшіні оқыту.
Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссия­сы қанатқақты жобаны одан әрі дамыту үшін қадамдар әзірлеуде. 2017 жылғы қазанда елдің барлық өңірлері үшін электораттық оқытудың 150 тренерін дайындау жөнінде оқыту семинарын өткізу жоспарлануда. Оның шеңберінде сайлау процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері бойынша кәсіби тренерлік корпус дайындалады, олар өз өңірлерінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесін басқа да ұйымдастырушыларды одан әрі оқытуды жалғастыра алады.
Ортсайлауком оқитындардың санаттарын қамтуды кеңейту және электораттық процеске түрлі қатысушыларды оқытуды шоғырландыру жөнін­дегі тәсілдерді пысықтауда. Қазіргі уақытта жергі­лікті атқарушы органдарды ішкі және жастар саясаты басқармаларының деңгейінде тарту жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Олардың қатысуы өңірлік деңгейде (жастар парламенті, жастар сайлау комиссиялары) болашақ және жас сайлаушыларды электораттық тәрбиелеу тетіктерін дамыту мақсатын көздейді. 
Осылайша, Ортсайлауком қызметінің жаңа бағыты – электораттық оқытудың көп сатылы жүйесі – азаматтардың электораттық тәртібіне тиімді ықпал ететін әлеуметтік тетік болуы тиіс. Кәсіби деңгейді жаңарту мен арттыру орталық сайлау органынан бастап әрбір учаскелік сайлау комиссиясына дейін − сайлау жүйесінің барлық құрылымы арқылы өтуі маңызды. Қоғамның сайлауға деген заманауи сын-тегеуріндері мен сұраныстары, біз – Ортсайлауком мүшелері, ОСК аппаратының қызметкерлері, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері кәсіптіліктің заманауи талаптарына сай келуімізді талап етеді. Ал, бұл сайлау науқанының сапасын, және тиісінше, азаматтардың сайлауға деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.
Орталық сайлау комиссиясының аппаратында Электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімі құрылды, оның негізгі міндеттері сайлау процесіне қатысушылардың электораттық-құқықтық мәдениетін арттыру, сондай-ақ электораттық оқыту саласында жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру болып табылады.
Заманауи инновациялық технологияларды енгізу жас азаматтардың ақпаратты қабылдау ерек­шеліктерін ескере отырып, электораттық-ағарту жұмысының және сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттырудың маңызды құрамы болуы керек. Ортсайлауком интернет-сайтты дамыған интерактивті функциялары бар аумақтық сайлау комиссияларының веб-ресурстарын біріктіретін, бірыңғай инфо-коммуникативтік алаң болатын толыққанды портал деңгейіне дейін жаңарту жөнінде жұмыс жүргізуде. Алдағы уақытта жаңа бағыттың − электораттық оқытуды ұйымдастырудың дамуына қарай сайлау саласында қашықтықтан оқыту үшін интерактивті құрал және негізгі ақпараттық-оқыту ресурстарының дереккөзі ретінде ОСК сайтын дамыту жоспары жасалуда.
Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыру­шылық және ақпараттық белсенділігінің түрлі нысандарын дамыту жөніндегі шаралар сайлаушылармен толыққанды диалог құруға бағытталған, бұл, біздің ойымызша, мемлекеттік органның және жал­пы мемлекеттік жүйенің беделін жақсартуға сеп­теседі. Сондықтан Ортсайлауком жұмысының биылғы жылы бастаған жаңа бағыттарының бірі – сайлау комиссияларының кадрлары мен сайлау процесіне басқа да қатысушылардың кәсі­би да­йындығын, сайлаушылардың құқықтық мәде­ниетінің деңгейін және тиісінше, Қазақстан азамат­тарының электораттық белсенділігін арттыру мақ­сатында электораттық оқытуды ұйымдастыру.
Заңдарды, өз құқықтарын, оның ішінде сайлау құқықтарын білмеу азаматтардың, әсіресе жастардың өмірін саяси оқшаулай түседі, бұл жерде партиотизм деңгейіндегі әсерін де айтпай кетуге болмайды.
Жастарды электораттық оқыту жолымен жас сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, олардың сайлау науқандарына белсенді және саналы түрде қатысуын қамтамасыз етуді, сайлау жүйесіне, сайлау институтына сенім деңгейін арттыру жоспарлануда. Сайлау іс-шараларының сипаты, барысы, қорытындылары сайлаушылардың құқықтық мәдениетінің деңгейіне байланысты.

Сәбила МҰСТАФИНА,
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі