Бизнес • 05 Маусым, 2017

"Даму" қоры "Даму-Оптима" бағдарламасының талаптарын жеңілдетті

298 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Даму Оптима» бағдарламасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына кірмейтін топқа арналған. Жаңа бағдарлама сауда, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру, құрылыс секілді салаларда қол жетімді. «Даму Оптима» банк алдында кепілзаты жеткіліксіз болған кәсіпкерлерге «Даму» Қорының кепілдемесін пайдаланып несие алуға да жағдай жасайды.

"Даму" қоры "Даму-Оптима" бағдарламасының талаптарын жеңілдетті

2016 жылы қанатқақты жоба ретінде жүзеге асырыла бастаған «Даму Оптима» бағдарламасына енгізілген өзгерістер қатарында – кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды қайта қарау, кепілдеме беру талаптары, кепілдендірудің жаңа түрлерін енгізу мен қазіргі қолданыстағы түрін дамыту да бар. Атап айтқанда инвестициялық мақсаттағы несиенің есебінен алынған кез-келген жылжитын/жылжымайтын мүлікті бұдан былай банкке кепілдік ретінде ұсынуға болады. Бағдарламаның бұған дейінгі талабы бойынша мұндай жағдайда үшінші жақтың кепілдігі керек болып, кәсіпкердің барлық кепілзаттарының 70 пайызы тұрақты және өтімді болуы міндеттелетін еді

Енгізілген тағы бір өзгеріс – «Даму»-Оптима» бағдарламасына ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің де қолы жететін болғандығы. Енді олар банк алдынағы кепілзаты жеткіліксіз болған жағдайда Қордан несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдеме ала-алады. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 30 млн теңгеге дейін несие беріледі.

Бизнесі жүріп тұрған кәсіпкерлер үшін непілдеме сомасы бұрынғыдай, яғни несие сомасының 50 пайызы болып қалды. Бизнесі бар кәсіпкерлер үшін берілетін несие сомасы – инвестициялық мақсатқа 180 млн теңгеге дейін, айналым қаражатын толықтыруға 60 млн теңгеге дейін. Бизнесі бар кәсіпкерлер жоба құнының 20 пайызын өздері шығаруы керек.

Бағдарламаға енгізілген өзгерістер бойынша, кәсіпкерлер «Даму»-оптима» бағдарламасының кепілдемесімен екінші деңгейлі банктердегі несиесін қайта қаржыландыра алады. Бағдарламаның алғашқы нұсқасы бойынша кепілдік тек инвестиция мен айналым қаражатына арналған жаңа несиелерге ғана қарастырылған еді.

Қор «Даму-Оптиманың» кепілдігін банктің несие беру жайлы шешімі шыққанға дейін алуға болатындай етіп өзгеріс енгізуді де жоспарлап отыр. Кәсіпкер қолына «Даму-Оптиманың» кепілдігін алып, несие алу үшін бірнеше банкке қатар өтінім беріп, жобасын қаржыландыратын ең ыңғайлы нұсқасын таңдап алуға мүмкіндік алады.

«Даму Оптима» бағдарламасына 2017 жылғы берілетін жалпы қаржы 3 млрд теңгені құрайды.

«Банк Центр Кредит» АҚ, «Bank RBK» АҚ, «Евразийский банк» АҚ, «Эксимбанк Қазақстан» АҚ, «Астана банкі» АҚ, «Tengri Bank» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Forte Bank» АҚ, «Альфа-Банк» АҚ ЕБ, «Банк Kassa Nova» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕБ, "Цеснабанк" АҚ арқылы алуға болады.

2016 жылы енгізілген «Даму Оптима» бағдарламасының нәтижелері

2016 жылы бағдарлама бойынша кеплдеме қорының жалпы құны 320 млн теңге және несие қоржыны 1 млрд теңгелік 63 кепілдік мақұлданды. Аталған бағдарлама бойынша кепілдік алған жобалардың жалпы санының 82 пайызы - көтерме және бөлшек сауда, автокөлік және мотоцикл жөндеу саласы, 7 пайызы – қонақ үй мен тамақтандыру қызметі, 5 пайызы – өңдеу өнеркәсібі саласын қамтиды. Ең көп кепілдік «Банк Центр Кредит» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы берілді.

«Даму» Қорының кепілдігі бойынша барлық процестер автоматтандырылған. Бұл Қор кепілдемесін алу барысында уақытын кәсііпкердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.