Қазақстан • 05 Маусым, 2017

Ертең Астанада бұршақ аралас жаңбыр жауады

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада ауа райы Скандинавиядан циклонның келуіне байланысты құбылады. Сол себепті елордада жаңбыр болады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ертең Астанада бұршақ аралас жаңбыр жауады

6 маусым синоптиктер ауа райы құбылмалы болады деп болжайды. Күндіз жауын, тіпті бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 9-14 м/с жел еседі. Түнде ауа қысымы +7+9°С, күндіз +19+21°С.

7 маусым елордада күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с.Түнде ауа қысымы +5+7°С, күндіз +20+22°С.

8 маусым Астанада күн құбылмалы, күндіз жаңбыр, бұршақ жауады. Батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, Түнде ауа қысымы +8+10°С, күндіз +21+23°С.