"Қазіргі таңда жүк тасымалы үшін үлкен талас болып жатыр. Бұл тұрғыда кім жайлы жағдай жасап береді, сол ұтады", деді Ысқалиев.
Сонымен қатар қазір теңіз, авто және теміржол арасында да бәсекелестік күшті. Бүгінде тұтынушы бәрін бір пакетпен алғысы келеді.
Қазіргі таңда Қазақстан арқылы әлемдік жүк тасымалының тек 2%-ы ғана өтеді екен.
Сарапшының пікірінше, бұл көрсеткішті максималды 8%-ға дейін арттыруға мүмкіндік бар.
ҰКП өкілінің мәліметінше, экспорттық тауарлар ішіндегі тасымал шығыны тауардың өзіндік құнының 50%-ын құрайды.