ЭКСПО-2017 • 05 Маусым, 2017

Қ.Тоқаев «ЭКСПО-2017» көрмесіне БҰҰ-ның ықыласын қолдады

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Еуропа және ТМД елдері жөніндегі Даму бағдарламасы аймақтық бюросының директоры, БҰҰ-ның «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Бас комиссары Джихан Султаноглуды қабылдады. 

Қ.Тоқаев «ЭКСПО-2017» көрмесіне БҰҰ-ның ықыласын қолдады

Қ. Тоқаев алдағы халықаралық көрмеге БҰҰ-ның мүдделілік тұрғысында назар аударып отырғанын жоғары бағалады. Сенат Төрағасы «Көрменің 9 маусымдағы ашылуына БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштің қатысуы мен 13 маусымда БҰҰ күнінің ұйымдастырылуы БҰҰ Орнықты даму мақсаттарын іске асыруға бағытталған күн тәртібіне халықаралық қоғамдастықтың баса назар аударып отырғанын көрсетеді», - деді және «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі БҰҰ күніне өзі де қатысатынын айтты.

Парламенттің жоғарғы палатасының Төрағасы ЭКСПО базасында Жасыл технология мен инвестиция орталығын құру жөніндегі Қазақстан Президентінің бастамасын дәйекті түрде қолдап келе жатқаны үшін БҰҰ Даму бағдарламасына алғыс айтты.