Аймақтар • 05 Маусым, 2017

Оқушылар арасында «Мен чемпионмын!» республикалық  спорт ойыны басталды

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің 14 облысынан және Алматы мен Астана қалаларынан келген 16 команда «Мен чемпионмын!» балалар спортының ақтық бәсекесіне жиналып, төрт күн бойы өз күштерін байқасады.

Оқушылар арасында «Мен чемпионмын!» республикалық  спорт ойыны басталды

Биылғы оқу жылында  бұл жобаға 12-14 жас аралығындағы 200 мыңға жуық  оқушы қатысты.  Білім және ғылым  министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып жүрген  спорттық доданың  дем берушісі, бастамашысы Солтүстік Қазақстан облысы болғандықтан, телевизиялық шоу бағдарлама осымен екінші рет Мағжан жерінде өз шымылдығын айқара ашты.

Қазақстанның әр қиырынан кіл сайдың тасындай іріктеліп келген командалар білім мен біліктіліктің, күш пен білектің арасалмағын таразыға салып, жүзден озған жеңімпаздар мен жүлдегерлер түрлі марапаттарға ие болады.

Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»