Тағылымдамаға қатысушыларды тіркеу 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап 25 мамырына дейін жүргізілді. Осы уақытқа дейін студенттерден 500-ден аса өтініш келіп түскен.
Бағдарламалау мен өзіндік IT-технология құра білу – жастарымыздың замана ағымына ілесе білуіне, бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік бермек.
Екі ай бойы жастар отандық және шетел мамандарынан тәжірибе жүзінде білім ала алады. Курстық бағдарламада мобильдік және веб-зерттеме, машиналық оқыту, Вig Data, маркетинг пен бизнес-талдау семинарлары жүреді.
Сондай-ақ, студенттерге «Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасы Марат Омаров, «Қазпошта» АҚ инновациялық және ақпараттық технологиялар бойынша басқарушы директоры Нариман Мұқышев, ҚАЗМЗУ Жоғары Экономика Мектебі деканы Дильбар Гимранова сынды мамандар да сабақ береді.
Тағлымдама аяқталған соң қазақстандық жастар үшін білім беру тұғырнамасы құрылады.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»