Жұмыстың бірінші кезеңінде еріктілерді шет тілдерін білетін студенттерден жасақтау шаралары жүргізілді. Олардың қатарында: С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Қазақ ГЗУ, қазақ-түрік лицейі, сонымен қатар №22 мектеп-гимназиясының оқушылары мен қала тұрғындары бар. Еріктілердің жалпы саны 1500-ден асады.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ базасында сәуір айынан бастан штаб пен call-center жұмыс істеуде. Штаб мүшелері жұмыс жоспарын бекітті және ЭКСПО-2017 еріктілеріне жадынамалар мен тұжырымдама дайындады. Студенттер мен оқытушылардан құралған еріктілердің супервайзеры тағайындалды. Еріктілердің этика Кодексі әрі әдістемелік жәрдемақы құрылды. Әр еріктімен жазбаша азаматтық-құқықтық келісім шарт жасалды.
Қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып еріктілердің жұмыс істейтін орындары белгіленді: халықаралық әуежай, теміржол вокзалы, автовоказл, жедел мамандандырылған қызметтер (101, 102, 103, 911), мәдени нысандар мен конақүйлер және т.б.
- Біздің барлық еріктілер, яғни 1500 адам Астана қ. «НИКА» коммуникативті дамыту орталығының» сертификатталған жаттықтырушылары мен дәріс оқушыларының толық оқуынан өтті. Оларға шетелдік қонақтармен сөйлесудің әдістері үйретілді, еріктілер қозғалысының қыр-сыры таныстырылып, Астана қаласы мен ЭКСПО тарихы жайлы, сонымен қатар Елорданың көрікті жерлері туралы ақпараттар берілді, - дейді «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы Асхат Оралов.
Сонымен қатар, экономика, заң, психология және педагогика салалары бойынша жоғары тәжірибелі мамандар еріктілерге 16 сағаттық оқытулар жүргізді.
«Арман» отбасылық және медициналық құқық бюросы» лицензияланған жаттықтырушылары, ТЖ Комитетінің азаматтық қорғаныс басқармасының және жастар саясаты мәселелері басқармасының да өкілдері еріктілерді оқытып, үйретті.
Еріктілерді керек-жарақтармен жабдықтау, сондай-ақ, күндіз және түнде бір реттік тамақтандыру бойынша жеке компаниялармен келісім шарт жасалды. «Астана LRT» компаниясы барлық еріктілердің қоғамдық көліктерде (Астана қаласындағы автобустар) көрме кезінде, яғни 3 ай бойы тегін қатынауларына мүмкіндік жасады. Тез тамақтанатын McDonald’s мейрамханасымен 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында күн сайын 500 еріктіні 46 000 (қырық алты мың) купон арқылы тамақтандыру бойынша келісімге қол қойылды. Осы купондар арқылы еріктілер тегін түстенуге қол жеткізеді.
Еріктілерді ынталандыру мақсатында кешенді шаралар қарастырылуда. Нақтырақ айтсақ, ең үздік волонтер-студенттерге Астана қаласы әкімінің 20 білім гранты (бір жылғы оқуға) бөлінеді. Қала әкімінің алғыс хаттары, сыйлықтар, естелік кәдесыйлар, электронды кітаптар, қалада өткізілетін концерттерге тегін билеттер таратылады, керек-жарақтармен қаматамасыз етіледі (жеңіл жейде, бейсболка, арқаға асатын сөмкелер мен термос), қоғамдық көліктерге жол жүру билеттері беріледі әрі 3- 4 курс студенттеріне бір жылғы жатақана қарастырылады.