Қазақстан • 07 Маусым, 2017

Америкалық музыкант елордалық ұжыммен бірге өнер көрсетеді

145 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

19 маусым күні сағат 19:00-де «Астана Опера» Камералық залының сахнасында танымал америкалық альтист Денис Краснокутский «Музыкалық қиылыс» концерттер циклын бастайды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Америкалық музыкант елордалық ұжыммен бірге өнер көрсетеді

Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов (скрипка), Айсұлу Бәйкенова (скрипка), Ермек Құрманаев (виолончель), Екатерина Лапухина (фортепиано) және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, маэстро Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігімен Камералық оркестр қатысады.

- Оркестрант-солист ретінде шетелде жұмыс істейтін музыкант достарымыз өте көп, олар түрлі шығармалармен  концерттерде өнер көрсете алады. Осы жолы біз әлемге әйгілі альтист Денис Краснокутскийді шақырдық. Болашақта біз Камералық залдың сахнасына Лондон филармония оркестрінің солистері және басқа да танымал музыканттармен бірге  шығуды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз – «Астана Опера» театрында  орындаушылық деңгейі жоғары солистердің басын қосып, көрермендерімізге рухани кеш сыйлау. Америкалық композитор Маурицио Биньен осы жобаға арнайы скрипка, альт пен оркестр орындайтын «Икебана» деп аталатын  туындысын әкелді. Америкалық ырғақта жазылған бұл шығарма  біздің тыңдармандарды бей-жай қалдырмайтыны анық. «Музыкалық қиылыс» концерттеріндемузыканттар міндетті түрде қазақ композиторларының да шығармаларын орындайды. Бұл жолы біз көрермен назарына  Ғ.Жұбанованың №1 Квартетітін ұсынамыз - деп хабарлады жобаның бірлескен авторы Айсұлу Бәйкенова (скрипка).

Концертте шетелдік классик-композиторлар – Анри Вьетан, Астор Пьяццолла және тағы басқа авторлардың туындылары, сондай-ақ, ұлттық музыка  шығармалары да орындалады.

Желтоқсан айында жоба авторлары Бағдат Әбілханов пен Айсұлу Бәйкенова Сербия астанасы  Белградта жеке концерт береді.