Бокс • 07 Маусым, 2017

«Astana Arlans» Лондонда жұдырықтасатын боксшылардың тізімін жариялады

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында (WSB) «Astana Arlans» командасы Ұлыбританияның «British Lionhearts» ұжымына қарсы шығатын боксшылардың тізімін жариялады.

«Astana Arlans» Лондонда жұдырықтасатын боксшылардың тізімін жариялады

Жартылай финалдың қарымта кездесуі 8 маусым күні Лондон қаласында өтеді. Алғашқы бокс кеші өткен сенбіде Қостанай қаласында ұйымдастырылып, жерлестеріміздің 4:1 есебімен басым түсуімен аяқталған болатын.

Лондонда мына боксшылар сынға түседі:

52 келі: Олжас Сәттібаев ­– Дин Фарелл;

60 келі: Зәкір Сафиуллин – Чад Милнс;

69 келі: Асланбек Шымбергенов – Кумар Манодж;

81 келі: Арман Рысбек – Томас Уитаккер-Харт;

+91 келі: Нұрсұлтан Аманжолов – Патрик Майлата

Бокс кеші Астана уақытымен 01:00-де басталады. «Арландар» жеңіске жетер болса, финалға жолдама алады. Егер қос команда екі кездесудің қорытындысы бойынша тең нәтиже көрсетсе, жеңімпазды қосымша 52 келі салмақта сынға түсетін боксшылар анықтайды.

Бұл салмақта «Astana Arlans» сапынан Анвар Мұзапаров шықса, британдық команда Блэйн Хэйландты қойып отыр.