Ұлттық спорт • 07 Маусым, 2017

Астанада тоғызқұмалақтан республикалық жарыс өтті

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада спорттың тоғызқұмалақ түрі бойынша «Жас Үміт» V республикалық жарысы өтті.

Астанада тоғызқұмалақтан республикалық жарыс өтті

Астана қаласы командасының атынан «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері өнер көрсетті. Есенбек Нұржан «рапид» ойын түрі бойынша екінші және блицтен үшінші орынды иеленді. Команданың басқа ойыншылары да сайыста сәттілікті серік етіп, нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізді: Гүлнар Базаралиева («рапид» - 3 орын) және  Есіркеп Құндыз («рапид» - 2 орын). 

Турнирге 14 өңір мен Астана және Алматы қалаларынан 250-ден астам спортшы қатысты. Жалпы командалық жарыста елордалық команда бесінші орыннан көрінді.