Отырысқа қоғамның заңды өкілдері қатысты. Отырыста сот жүйесінің кадр мәселелері, оның ішінде Жоғарғы сот Төрағасының кейбір жергілікті соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын қызметке тағайындау және қызметінен босату, зейнеткерлік жасқа толған судьяның қызметте болу мерзімін ұзарту жөніндегі ұсынымдары қаралды, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына орналасуға жарияланған 2 конкурстың қорытындылары жасалды.
Сондай-ақ, судья қызметіне алғашқы рет тағайындалған судьялардың бір жыл атқарған жұмысының нәтижелері қаралды.
Бұдан басқа, Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясының құрамына, Кеңес регламентіне және Кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру ережелеріне өзгерістер енгізілді.
Отырыстың қорытындылары бойынша Кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.
Кеше Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.С.Смолиннің басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары сот Кеңесінің отырысы өткізілді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Жоғары сот Кеңесінің аппараты.
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Кеше
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Кеше
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Кеше