Аймақтар • 08 Маусым, 2017

Шет елдің білікті дәрігерлері – Ақтөбеде

180 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау саласы бойынша даму деңгейі жоғары әрі медициналық кластер құру ісін қолға алған Ақтөбе аймағында әлем дәрігерлерінің екі күнге созыл­ған басқосуы мәреге жет­ті.

Шет елдің білікті дәрігерлері – Ақтөбеде

Олар ауыр жарақатты ке­шенді түрде емдеудің бүгінгі заманғы тұжырымдамасын тал­қылады. АҚШ, Оңтүстік Корея, Германия, Қытай, Түркия, Ресей, Қазақстан және тағы басқа да таяу шет елдердің дәрігер-хирургтері, травматолог пен ортопед мамандары бас қосқан жиынды Қазақстанда өткізу қа­жеттілігі қайдан туындады? Бұл сауалдың жауабын қан­дасымыз, АҚШ-тың Миссури штатына қарасты Сент Луис кли­никасының бас дәрігері, пофессор, медицина ғылымының докторы Жолдас Құлжанов бер­ді. Ол ортопед-хирург маман ре­тінде осы саладағы мемлекеттер ара­сындағы салыстырмалы дерек­терге үнемі назар аударып жүретінін айта келіп, Қазақстан ауыр жарақаттар алу көрсеткіштері бойынша әлем­дегі мемлекеттердің алғаш­қы үштігіне кіретіні жө­ніндегі деректі алға тартты. Дегенмен, бүгінгі за­манғы диаг­нос­ти­калық емдеу тәсілдері ауыр жа­рақаттанған адамдарды өлім­нен арашалап қалуға мүм­кіндік береді деуге болады. Шет ел дәрігерлері Ақтөбе қаласында осы мәселені ортақ әң­гіменің арқауына айналдырды. 
Халықаралық интеграция сипатындағы кездесулер кезінде айтылғандай, травматология мен ортопедия саласындағы бүгінгі озық технологиялар ауыр жарақатты емдеудің деңгейі мен сапасын жақсартуға әжептәуір ықпал жасамақ. Әрине, бұл үшін ең алдымен оның қызметі жедел әрі тиімді түрде ұйымдастырылуы тиіс. Осы тұрғыда әлемдегі озық елдердің денсаулық сақ­шылары жарақаттан сау-там­тығы қалмаған ағзаны, соның ішінде жамбас және аяқ-қол сүйек­терінің және басқа да зақым келген мүшелерді қалай қалпына келтіруге болатыны жөніндегі тәжірибелерін орта­ға салды. Сондай-ақ, олар күр­делі оталар жасауға қатысып, ше­берлік са­бақтар өткізді. Соны­мен бірге, сүйектердің зақым­дануынан зардап шегіп жүрген өңір тұрғындарына және клиникаларда емделіп жатқан нау­қастарға тегін кеңес берді. Обл­ыс әкімі  Бердібек Сапарбаев пен АҚШ-тағы ортопедиялық госпитальдың жетекшісі Жолдас Құл­жанов және Қытайдағы Шың­жан-Ұйғыр автономиялы об­лысындағы халықтық госпитальдың травматолог дәрі­гері Миао Сюагангом өзара ынты­мақтастықты дамыту жөніндегі меморандумдарға қол қойды. Осыған орай ауыр жарақаттарды емдеу мен қалпына келтіру жөніндегі бірлескен іс-шаралар кешені жүзеге асырылмақ. Бұл үшін тараптар жұмыс топтарын құрып, ынтымақтастық тетігін әзірлеу және оны одан әрі жетілдіру мен дамыту жөнінде үйлестіруші органдар құру туралы ұйғарымға келіп отыр. 

Темір Құсайын,
«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе
 

Соңғы жаңалықтар

Бүгін – Ұлттық ұлан күні

Әскер • Бүгін, 10:43

Жасанды интеллект құрылысқа жат емес

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:55

Әскер беделі – ел беделі

Әскер • Бүгін, 09:45

Қайырымды азаматтардың демеуі

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Егінді «AgroSky» бақылайды

Технология • Бүгін, 09:35

Сингулярлық кезең

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

ЖИ-ді қолдану қауіпсіз бе?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:20

«Шыны мақтадан» табыс тапқан

Өндіріс • Бүгін, 09:15