«Бұл – менің Астанаға ең алғаш келуім. Біз ЭКСПО-2017 көрмесінің өте жақсы деңгейде өтеді деп күттік. Дайындық шараларына қарап, көпшіліктің үміті ақталатынына сенімді болып жүрмін. Барлық ғимараттардың ажары таңдай қақтырады, өте әдемі. Кез келген нысанның заман талабына сай салынғанын көреміз. Менің ойымша, Қазақстан көрмені деңгейіне сай ұйымдастырады. Қытайлық «Синхуа» агенттігінен жиырма-шақты журналист қазақ топырағына табан тіреді. Жалпы, аспан асты елінен 100-ге тарта бұқаралық ақпарат құралы өкілі осында бас қостық. Біз тікелей эфир арқылы көптеген репортаждар жасайтын боламыз», дейді Ли Денсу.
Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ,
«Егемен Қазақстан»