Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалар «Өнер», «Ғылым», «Әлем және мәдениет» сияқты бірнеше бағытта жұмыс істейді. Олар мектептің, ел мен әлемнің даму жолдарын әртүрлі ракурстарда қарап, сыни ойлап әрі креативті болулары қажет. Сол арқылы болашаққа көз салу оқушылардың өздерін де қызықтырған сыңайлы. Ақыр соңында олар елу жылдан кейінгі құрбыларына хат жазып тастап кетпек.
Оқушылар өздерінің жетекшілерімен көбірек әрі нақты деректер жинау мақсатында мектепке мамандарды шақырады, әдебиеттерді оқиды, жан-жаққа шығады. Жинаған мәліметтерін өңдеп, компьютерге басады. Шетелдік және отандық жетекшілерімен және 11 сыныптың еріктілерімен жұмыс істеген балалар мақалаларын қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жазып, сурет және бейнематериалдармен толықтырады.
– Жиналған мәліметтер капсулаға орналастырылып, мектептің жаңа ғимаратының ауласына көміледі, оны 50 жылдан кейін ашып, оқығандар қазіргі адамдардың қалай өмір сүргенінен хабардар болады, – дейді мектеп директоры Кульфарида Раисова.