Үкімет • 12 Маусым, 2017

Үкімет басшысы Еурокомиссияның вице-президентімен кездесті

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бақытжан Сағынтаев энергетикалық одақ жөніндегі Еурокомиссияның вице-президентімен энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Үкімет басшысы Еурокомиссияның вице-президентімен кездесті

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев энергетикалық одақ жөніндегі Еуропалық комиссияның вице-президенті Марош Шефчовичпен энергетика және көлік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері жөнінде кездесу өткізді, деп хабарлайды pm.kz.

«Еуропа күндері» іс-шарасын өткізу жоспарланған ЭКСПО-2017 көрмесіне айрықша көңіл бөлінді.

«Еуропа күндері» биыл шілдеде Еуропалық одаққа мүше елдердің павильондары базасында өтеді. Бағдарлама «Болашақ ғимараттарына арналған экологиялық таза энергия технологиясы» және «Термоядролық энергия: ғылыми фантастикадан ғылыми дерекке дейін» тақырыптарына таныстырулар мен талқылаулардан құралған екі панельдік сессиядан тұрады.