«Зерде» холдингімен бірігіп жасаған жұмыстар үшін серіктестерімізге алғыс білдіремін. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың АҚШ-қа сапарынан кейін, Қазақстанда Кремний алқабы бұрышын дайындау туралы тікелей тапсырма алдық. Ел экономикасын цифрландыру мәселесі біз үшін өте маңызды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қабылдау туралы тапсырма бергендігін білесіздер. Осы тапсырмалар аясында бүгін Кремний алқабы бұрышын таныстырдық», – деді Д. Абаев.
«Зерде» холдингінің басқарма төрайымы Әсел Жиенбаеваның айтуынша, бұл – үздік технологияларды зерттеу және Қазақстанның цифрлы экономика мен технологиялық жаңғыртуға бет алысын көрсету алаңы. Қазақстандағы Кремний алқабы бұрышының негізгі міндеті экономиканы цифрландыру бойынша «Зерде» серіктестерінің жаңа шешімдерін және шет мемлекеттерде, экономиканың түрлі салаларында қолданылатын тәжірибелерді таныстыру болады. Тағы бір айта кетерлігі, ЭКСПО көрмесінен кейін де Кремний алқабы бұрышы өз жұмысын жалғастырады және оның алаңында әлемдік ауқымдағы түрлі стартаптар таныстырылады.
Айта кетейік, 2017 жылдың сәуірінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша АҚШ-қа жұмыс сапарымен барды. Мұнда әлемдік инновациялық көшбасшылар қатарындағы компания өкілдерімен кездесулер өткізіп, Қазақстан экономикасының үшінші жаңғыртылуы аясында бірлескен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады және Кремний алқабында Қазақстан Өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойды.
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев кеше ЭКСПО-2017 аумағында «Кремний алқабы» бұрышын ашты. Бұл жоба ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Қазақстанда Кремний алқабының өкілдігін ашу туралы келісім аясында Cisco, SAP, Oracle, Mastercard компанияларымен ынтымақтастықта жүзеге асып отыр.
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Президент • Бүгін, 14:09
Қызылордада 504 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 13:24
Президент Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Президент • Бүгін, 13:01
Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты
Президент • Бүгін, 12:41
Биыл Алматы облысында 57 мың жұмыс орны ашылды - Марат Сұлтанғазиев
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Мемлекет басшысы: «Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі»
Президент • Бүгін, 11:56