Байқау қорытындысы бойынша «Сөз шебері» аталымында «Егемен Қазақстан» газеті мәдениет және руханият бөлімінің меңгерушісі, әріптесіміз Талғат Батырхан үздік деп танылды. «Елбасы бастамаларын халыққа түсіндіруге қосқан үлесі үшін» аталымын «Қазақстан» РТРК» АҚ арнайы тілшісі Дулат Нуркин иеленді.
«Партия қызметі туралы ең үздік материал үшін» аталымын Қарағанды облысы бойынша «Литер» газетінің тілшісі Айнұр Балакешова иеленді. «Ерекше пікір» аталымында «Астана» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар директоры Анар Каринтаева үздік телевизиялық журналист атанса, «Халық дауысы» аталымын «Хабар 24» телеарнасының директоры Арман Сейітмамыт иеленді.
Сонымен қатар, «Аймақ айнасы» аталымын «Казахстанская правда» газетінің Қостанай облысындағы тілшісі Евгений Ермаков пен «Семей таңы» газетінің басшысы Риза Молдашева өзара бөлісті.
«Ең үздік талдау бағдарламасы» аталымы «Хабар» теларнасы кешкі жаңалықтар қызметінің бас редакторы, «Негізінде» бағдарламасының жүргізушісі Руслан Оспанға табыс етілді. «Медиа профи» аталымын «Qamshy Media» ЖШС директоры Нұрғали Нұртай мен baq.kz сайтының редакторы Ержан Жаубай иеленіп, интернет басылымның үздік журналистері атанды.
Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»