Мысал келтіретін болсақ, Ыстанбұлдағы Ататүрік халықаралық әуежайы мен Париж қаласында орналасқан Шарль де Голль атындағы халықаралық әуежайды алға тарту арқылы сөзімізді нақтылай түсеміз.
Негізінен, Тәуелсіздік жылдарында тұралаған экономикалық, саяси-әлеуметтік салалардың аяғынан тік тұруына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі зор болғаны бәрімізге белгілі. Оның үстіне, халықаралық шеңбердегі сыртқы саяси шаруаларды саралайтын болсақ, Қазақстан бүгінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі.
Сонымен қатар, әлем назарын өзіне аударған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі елордамыз – Астана қаласында өтіп жатыр. Осы тақылеттес үлкенді-кішілі жетістіктердің барлығы да Елбасымыздың саяси күш-қуаты мен абырой-беделінің арқасы.
Ендеше, Астананың бас әуе қақпасы болып табылатын халықаралық әуежайды Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау жөніндегі шешімнің қабылдануы өте орынды әрі заңды деп санаймын.
Мәулен ӘШІМБАЕВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы
Халықаралық әуежайларды елге еңбегі сіңген белгілі тұлға, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің атымен атау тәжірибесі әлемдік қолданыста жиі кездесетін дүние.
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Президент • Бүгін, 14:09
Қызылордада 504 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 13:24
Президент Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Президент • Бүгін, 13:01
Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты
Президент • Бүгін, 12:41
Биыл Алматы облысында 57 мың жұмыс орны ашылды - Марат Сұлтанғазиев
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Мемлекет басшысы: «Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі»
Президент • Бүгін, 11:56