Қазақстан • 23 Маусым, 2017

Жиынның сәні − жастар

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жиынның сәні −  жастар

− Жалпы, ең үлкен той Дүниежүзі қазақтарының I  құрылтайы нағыз ақ түйенің қарны жарылған ұлы жиын болып еді. Бұл жиын жайлы кезінде біраз жаздым. Енді ойлап отырсам, ол той әлем қазағының Тәуелсіздік алғанымызға шаттанған ағыл-тегіл қуанышы екен ғой. Содан бері, міне, бесінші құрылтайдың да уақыты келіпті. Былай қарап отырсаңыз, жыл сайын қандастарымыз тұратын Түркия, Еуропа, Ресей сынды өзге елдерде кіші құрылтай өтеді де, араға бес жыл салып үлкен құрылтай үлкен үй – Қазақстанда өтеді. Мұның өзі тамаша ойластырылған дүние. 
Екінші бір айтайын дегенім, қайбір жылы Германияда өткен кіші құрылтайға қатысып, келер жылы Швецияда өткен кезекті кіші құрылтайға барсам, сол жиынның төрінде Шәріп Найман деген ақсақал ағам отыр. Ол кісі сол жердегі қазақтың қызына құда түсіп келіп отыр екен. Сөйтсек, екі жас өткен жылғы кіші құрылтайда Мюнхеньде танысыпты. Сөйтіп, жастардың үйлену тойына қатысып қайтқанымыз бар. Демек, биылғы құрылтайға жастардың көп келуі, бір-бірімен танысуы болашақта ағайындыққа, құдандалы болуға жол ашады екен.

Әлібек Асқар, жазушы