Қазақстан • 23 Маусым, 2017

Бұл ғасыр – қазақ ғасыры

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бұл ғасыр –  қазақ ғасыры

– Құрылтайдың салтанатты ашылуымен қатар, ауа райы да тамаша тамылжып тұр. Ай дидарлы Астанаға қарап қазақ қауымының жаңа дәуірін көріп тұрған сияқтымын. Тіл, мәдениет, саясат, экономика, т.б. барлық сала бойынша Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы елге айналды. Тіпті, соңғы жылдары ғаламдық күрделі мәселелерді шешу жолында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жекелей бет-беделі ықпал етуде. Осыған қарап сіздердің басшыларыңыз бір ғана мемлекетті басқару шегінен асып, халықаралық маңызды шешімдердің күрделі түйінін тарқатуға шамасы жеткенін айтуға тиіспіз. Соның бірі – қазіргі өтіп жатқан ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесі мен бүгінгі әлем қазақтарының басын қосып өткізіп жатқан құрылтай ісі. Моңғол жұрты атынан құрылтай қонақтарын құттықтаймын.
Дагва Цахилгаан, Әлем моңғолдары  конгресінің төрағасы