Қазақстан • 23 Маусым, 2017

Әкем – исі қазаққа ортақ тұлға

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әкем – исі қазаққа ортақ тұлға

− Мен Франциядан келдім. Бала-шағаммен ұзақ уақыттан бері Парижде тұрып келемін. Құдайға шүкір, онда да біраз қазақ бар. Соңғы есептеуімізше, 270-тей отбасы бармыз. Бізде, құдайға шүкір, бала туылған кезден, той-томалақ, өлім-жітімге дейін бәрін қазақ салты, мұсылманшылық жолымызбен атқарып келеміз. Тек ортаның әсерінен тіл жағынан қиын мәселелер бар. Балаларды қазақша үйрететін орталықтар ашып, барынша сақтап қалуға тырысып жатырмыз. 
Өз басым Қазақстанға Абай және Түркістан тойы сынды айтулы мерекелер кезінде де келген едім. Бұл жолғы келуіміздің мәні ерекше. Біріншіден, Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы, әрине. Екіншіден, соның аясында өткелі отырған әкем Халифа Алтайдың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған ғылыми конференция. Әлем қазағына ортақ тұлғаның еңбектерін талдап, талқылап ғылыми конференция жасауды осы құрылтай аясында ұйымдастыру көңілге қонымды, жастарға пайдалы іс деп есептеймін. Той осындай игілікті шараларымен мәнін арттыра түседі. Өте қуаныштымын. Табыс тілеймін.

Әбдулсамет Алтай, кәсіпкер