Қымыз мерекесі тұлпарлар шеруімен басталды. Оған өңірдің барлық аудандарынан келген атбегілер атсалысты. Шеруде жылқының жалынан бастап тұяғына дейін әдемі әбзелдермен безендірілуіне мән берілді. Погодин атындағы облыстық орыс дарма театры алдындағы үлкен алаңға киіз үйлер мен шатырлар тігіліп, бал қымыз, дөнен қымыз, жуас қымыз, құнан қымыз және түнеме қымыз түрлері, ұлттық мәзірлер жұртшылыққа тегін таратылды.700 литрден астам шипалы сусын лезде сатылып кетті.
«Біздің шаруашылық қымыз дайындаумен айналысады. Қазір 43 бие сауылады. Фестивалға 270 литр қымыз әкелдік. Бағасы қолжетімді. Алдағы бір шара аясында шектеліп қалмай дәстүрге айналдыру қажет. Тұрғындардың қымызға, ұлттық қолөнер бұйымдарына деген сұранысы ерекше», дейді «Арқалық шаруа қожалығының басшысы Нағашыбай Барлыбаев.
Фестиваль төрт бағытта ұйымдастырылып, мәдени құндылықтарымызы қызықтаушылар қатары көп болды. М. Жұмабаев ауданынан келген ағайынды Қалдыровтар ұлттық ыдыс-аяқтың, тайыншалық Ілияс Баймағамбетов ат әбзелдерінің, келлеровтық Дауат Шатарбайұлы сүйектен, ағаштан, тастан жасалған бұйымдардың нешем түрлерін ұсынды.
Өмір Есқали.
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.