Аймақтар • 26 Маусым, 2017

Айттың екінші күні – Алматыда аспаннан «медаль жауды»

359 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Журналистері күні қарсаңында Алматыдағы «Вивальди» мейрамханасында Қоғамдық атақтар мен марапаттар жөніндегі Республикалық Кеңес тағайындаған «Қазақ журналистикасының қайраткері» атағы мен медалін тапсыруға арналған салтанат болып өтті.

Айттың екінші күні – Алматыда аспаннан «медаль жауды»

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық ұстанымдары негізінде ұлттық кодты нығайту мен ұлттық сананы өркендету мақсатында әрі келе жатқан Байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні аясында журналистер қауымының бір топ өкілі қоғамдық негіздегі кәсіби жоғары марапатқа ие болды.

Марапатты Республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газетінің Бас редакторы, профессор, Қоғамдық атақтар мен марапаттар жөніндегі республикалық кеңестің төрағасы Марат Тоқашбаев тапсырды.

«Қазақ журналистикасының қайраткері» құрметті атағына қазақ журналистикасының қазіргі үлкен ақсақалы – 92 жастағы қарт журналист Сапабек Әсіпұлы, Шерхан Мұртаза, Сарбас Ақтаев, Уахап Қыдырханұлы, Зәкір Асабаев, Мамадияр Жақып, Бекболат Әдетов, Файзолла Оразаев, Орысбай Әбілдаев, Нұрманбет Қизатұлы, Бейбіт Қойшыбай, Нұрлан Оразалин, Ержұман Смаил, Жарылқап Бейсенбайұлы, Жанат Елшібек, Асқанбай Ерғожаев сияқты аға буын журналистер ие болды.

Сондай-ақ, төмендегі журналистер, арасында БАҚ басшылары да бар – Нағашыбек Қапалбекұлы, Көпен Әмірбеков, Жұмабай Шаштайұлы, Несіп Жүнісбаев, Рысбек Сәрсенбай, Мереке Құлкенов, Жанболат Аупбаев, Нұртілеу Иманғалиұлы, Ертай Айғалиұлы, Талғат Айтбайұлы, Ерлан Қожакелдиев, Жұмабек Кенжалин, Самат Ибраим Бектенұлы, Сағатбек Медеубек, Қасымхан Бегманов, Қали Сәрсенбай, Қазыбек Иса, Жарылқап Қалыбай, Жүсіпбек Қорғасбек, Шамшиден Паттеев, Нұртөре Жүсіп, Сәлия Әбдікәрімова, Ләйлә Оңалбаева, Қарагөз Сыдықова және басқалары мереке қарсаңында  марапатсыз қалмады.

Салтанатта алматылық өнер қайраткерлері ән-жырдан шашу шашты. Ардагер журналистерге дастархан жайылып, дүниеден өткен барша қазақ журналистеріне бағышталып, Құран оқылды.

Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсірген автор.