Қазақстан • 27 Маусым, 2017

Турнир тартысты өтті

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенбі күні Журналистер арасында үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кубогына арналған алғашқы турнир өтті. Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің күніне арналған жарысқа елордадағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Турнир тартысты өтті

− Үстел теннисінен журналистер арасына өткен жарыс тар­тысты әрі қызықты шара болды. «Спорт» – ағылшын тілі­нен аударғанда «ойын, көңіл көтеру» дегенді білдіреді. Ой еңбегінің майталмандарына бүгін өз шеберліктерін танытуға әрі мерекеде көңіл сергітуге мүмкіндік туды, − деді сенатор Дархан Кәлетаев.

Сенат депутаты журналистика – ой еңбегі, ал спорт сергектік пен ден­саулық кепілі екенін айта келіп, оның адамдарды бірлесе қимылдауға, же­ңіске ұмтылуға, ынтымақтастыққа бау­ли­тын шара екенін айтты. «Бұл жа­ғы­нан бәрі бірлесе қимылдап, халыққа жедел әрі сапалы ақпарат беретін редакция жұмысына ұқсайды. Екеуі де қажырлылық пен табан­дылықты қажет етеді. Екеуі де жеңіске ұмтылады», деді ол.

Халықаралық «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігінің фототілшісі Дәурен Мұха­мед­жанов Парла­мент Сенаты турнирінің же­ңімпазы әрі кубогының иесі атанды. Журналистика ардагері, пуб­лицист Қайнар Олжай екінші орын алды. Парламент Сена­тының депутаты Дархан Кә­летаев пен Мәдениет және спорт ви­це-министрі Сәкен Мұсайбеков же­ңім­паздарға марапаттарды табыс етті.

«Егемен ақпарат»