«Ұлымыздың Ұлттық бірыңғай тестiлеуге алаңсыз дайындалуына бар күш-жiгерiмiздi жұмсадық. Тек бiлiм жағынан емес, психологиялық, моральдық тұрғыдан да әзірледiк. Семей мен Өскемендегi «Достық» орталықтарында бiлiмiн шыңдады, ата-ана ретінде де ақыл-кеңесiмiздi айтып отырдық. Мұғалімдері де көп көмектесті. Мәди мектепті үздік аттестатпен бiтiрдi. Еңбегімiздiң еш кетпегенiне қуаныштымыз», деді Мәдидiң әкесі Шалқар Жүнiсов телефон арқылы сөйлескенiмiзде.
Ал 138 балды қанжығасына бөктерген бозбала ҰБТ-ға бiр жыл бойы жатпай-тұрмай әзірленгенін, осы орайда «Егемен Қазақстанда» жарияланған ҰБТ сұрақтарының да көп көмегі тигенін, сынақ барысындағы тест сұрақтары жеңіл болғанын айтады. «Әрине, әуелде «қалай болар екен?» деп алаңдағаным рас. Алайда тестiлеу орталығына кiрiп, сұрақтарға жауап бере бастағанда көңілдегі қобалжуым сап басылды. Көп бөгелместен жауап беріп шықтым. Сәтiн салса, Семейдегi медицина университетіне оқуға түспек ойым бар», дейді ол.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы