Қазақстан • 27 Маусым, 2017

Алғыр десе алғыр!..

466 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Көпткен күткен тестілеу де аяқталды. Жоғары балл алған мектеп бітірушілердің есімдері де аталды. 138 балл жинап, жарқ етіп көзге түскен Алғыр Сәлменбаев − облыс орталығындағы №16 мектеп-лицейдің түлегі.

Алғыр десе алғыр!..

Атына заты сай, Алғыр десе, алғыр. 2016-2017 оқу жылында жеткен жетістіктері үшін Алғыр Сәлменбаевпен оқу-білім жолын таңдаған дарынды достары Айдана Әділсейітова, Полина Кан, Әсия Тілектесова, Богдан Протасовтарға Павлодар қалалық әкімдігі «Сарыарқа жұлдыздары» мүсіні мен ноутбук сыйға берген-ді. Ұстаздары Тәнзила Мокроусова, Лидия Шмидт, Татьяна Сигакова және Манат Әубәкірованы шәкірттері мақтан етеді.

– Әрине, тестілеуге тиянақты, өте жақсы дайындалдық. Мекте­біміздің ұстаздарына, анама рахмет! Бізге үнемі жағдай жасап, тест тапсырудағы бір сәтте тағдырыма жол ашатын үлкен мүмкіндікке қол жеткізуге қолдау көрсетті. Үнемі оқу-білімге, ізденуге уақыт бөлетіндіктен осындай нәтижеге жеттім деп ойлаймын, − дейді Алғыр.

Анасы Сәуле де ұлының жүзден жүйрік шыққан білімділігіне қуанышты. Кішкентай күнінен алғыр, зерек өскен ұлы мектепте оқыған күннен бастап-ақ білімге деген құштарлығымен көзге түсіпті.

− Жоғары балл алғаны − өркениетті білімге деген ұмытылысы, Алғыр үнемі көп білуді мақсат етеді. Тест тапсырар сәтке дейін дайындығын үзген емес. Ол өз біліміне, өзінің дайындығына сенді, − дейді анасы Сәуле.

Иә, білімдіге өріс кең. Алғыр енді Алматы мен Астанадағы жоғары оқу орындарының бірінің студенті атанатын да күн де алыс емес.

Ізденіс демекші, Алғыр қалалық мектептердің үздік оқитын басқа оқушылары сияқты облыстық, республикалық ғылыми жобалар сайысына жиі қатысып келді. Болашақта математик ғажайыптарын шешіп, білім-білігін ғылым арқылы шыңдамақ.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024